Бір үйдің екі қызы бар екен, олардың аты Айман және Шолпан. Түске жақын оларға аналары айтады:-“Айман, Шолпан мен тамақ әзірлеп болғанша далаға барып ойнап қайтыңдар”-дейді. Сонда Айман мен Шолпан жүгіріп далаға шығып кетеді.
Далада құрдастарымен ойнап жүрген Айман мен Шолпан, үйіліп тұрған құмды көреді. Әп сетте сол құмға жүгіріп Айман мен Шолпан да барады. Құмда ойнап отырған жерінен егіздердің анасы: — “Айман, Шолпан үйге қайтыңдар тамақ дайын болды” — деп шақырады.
Егіз қыздар достарымен қоштасып үйлеріне қайтады. Үйге келген Айман тезірек үстел басына жайғаса кетіп, тамақ іше бастайды, ал Шолпан беті қолын жуып бірақ үстел басына отырады. Барлық отбасысы тамақ ішіп болғасын қыздар түскі ұйқыға кетеді.
Бір кезде Айман Шолпанға іші ауырғанын айтып шағымданады. Айманның анасы бірден дәрігер шақыртады. Дәрігер Айманды қарап бола салысымен, қызға: — “Cен үстел басына қолыңды жумай отырып тамақ ішкенсің, сол себепті сенің ішіңе жаман микробтар кіріп кетті, оларды медициналық жолмен алып тастауымыз керек” — деп айтады.
Қорыққанынан жылап жіберген Айман дәрігерге: “Мен қорқамын” — деп айтады. Cол кезде дәрігер: “Ендеше, сен қолыңды тамақ ішер алдында жуып жүруді ұмытпа” — деп айтады. Сол кезден бастап Айман күніге беті қолын жуып, тазалық сақтап жүреді.
Келесі күні Айман мен Шолпан достарымен ойнауға шығады. Сол кезде Айман достарына микторбтардың қандай зиян тіршілік иесі екенін айтады.