Жеті қарға — Семь воронов — cказки Братьев Гримм

Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм

Бір адамның жеті ұлы болыпты. Ұлдарын қанша жақсы көргенімен, әке-шешесі «Келесі перзентіміз қыз болса» деп армандайды. Ата-анасына қосы лып ұлдары да «Соңымыздан қарындас ерсін» деп Құдайдан тілейді. Күндердің бір күнінде аналары жүкті болып, өмірге қыз бала әкеліпті. Отбасы мүшелерінің қуаныштары қойнына сыймайды. Кішкентай қыз сондай сүйкімді болғанымен, өте әлжуаз, нәзік екен.

Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм

Оның аман дығын тілеген ата-анасы өз дәстүрлері бойынша шоқындырмақ болады. Мезгілі келгенде әкесі ұлдарын құдыққа жұмсап, «Қызды шоқындыруға қажетті су алып келіңдер» дейді. Ұлдарының бірі әкесінің қолынан құманды алып, суға аттанады. Басқалары да оның соңынан ереді. Үйге қайтуға асыққан балалар суды тездетіп ала бергенде, байқаусызда құманды құдыққа түсіріп алады.

Терең құдыққа қанша үңілгенімен, құман көрін бейді. Қатты қорыққан балалардың үндері шықпай қалады. Әкесінің мінезін жақсы білгендіктен, ешқайсысы «Үйге қайтайық» деп айтпайды. Бұл істеріне оның қатты ренжитінін біледі. Ұлдары оралмаған соң әкесі шыдамсыздана бастайды. «Бұзықтар ойынға айналып, тапсырманы ұмытып кеттіау!» деп ойлаған ол қатты ашуланады. Ұзақ күтіп, сабыры сарқылған соң, оларды іздеуге шығады.

Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм

Қызының тағдырына алаңдап, «Шоқынбай шетінеп кете ме?» деп қорқады. Ызаға булыққан әке ашу үстінде: «Олардың бәрі қарғаға айналсын!» деп айғайлайды. Осы сөзді айтуы мұң екен, үйдің төбесінен қанаттарын қағып, жеті қарға ұшып шығады. Олар үйді бірнеше рет айналады да, алысқа самғап кетеді. Қарғысы шындыққа айналған әке қанша қиналғанымен, қолынан келер қайран болмайды. Бір күні көшеде кетіп бара жатқан қыз адамдардың сыбырласа сөйлескен сөзін естіп қалады:

– Иә, өте жақсы қыз, бірақ ағаларының жоғалуына себепкер болды. Ол қатты мұңайып, ойланып қалады. Сосын ол ата-анасына барып:
– Менің ағаларым бар ма еді? Оларға не болды? – деп сұрайды. Әке-шешесі құпияны ашатын кез жеткенін біліп, болған шындықтың бәрін баяндайды. «Бірақ сенің еш кінәң жоқ» дейді олар. Әкесі қаһарланамын деп ұлдарын құрбандыққа шалғанын мойындайды. Бірақ бойжеткен оны көңіліне медеу тұтпайды.

Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм

Ағаларының қарға болып өмір сүріп жүргендерін ойлап, ішкен асы бойына сіңбейді. Күні-түні жылап, ағаларын адам қалпына қайтаруды армандаумен болады. «Осы ойымды жүзеге асырғанша тыным таппаймын» деп өзіне уәде береді. Бір күні ағаларын іздеу үшін алыс сапарға аттанады. Ата-анасына тиесілі жүзікті «Естелік болсын» деп салып алады. «Өзегім талса жермін» деп бір тілім нан, шөлін қандыру үшін бір жұтым су, жолда отырып, демалу үшін кішкентай орындық ала шықты.

«Ағаларымды үйге алып қайтпайынша, оралмаспын» деп өзіне серт етті. Бір апта ма, бір ай ма, бір жыл ма, қанша жүргенін кім білсін, күндердің бір күнінде ару қыз жердің шетіне келді. Сол жерден күнді көріп, оны ұстамақ болды. Күннің қызуы бет шарпып, өртеп жіберердей күйдіре бастайды! Одан қорыққан қыз мұхитқа жүгірді.

Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм

Мұхит өте терең болатын, алып толқындар жағаға ұрып, қызды жұтып жібермек болады! Зәресі ұшқан қыз айға барды, бірақ айдың суық тығы сондай, денесін мұздатып жіберді. Амалы таусылған ару жұлдыздарға беттеді. Жұлдыздар жас қызға мейірім төге қарап, жылы қарсы алады. Олардың бірі қызға сиқырлы кілт ұсынып:

– Сенің ағаларың шыныдан тұрғы зыл ған тауда тұрып жатыр. Мына кілт сол тауды қоршаған қорғанның есігін ашуға көмектеседі, – дейді. Қыз сиқырлы кілтті алып, шыны тауды іздеуге аттанады. Ол жеткен кезде қорған жабылып қалған екен. Сиқырлы кілтпен есігін ашайын десе, кілт түсіп қалыпты! Ол мейірім ді жұлдыздың сыйлығын жоғалтқанын біліп, қатты өкінеді.

«Ағаларымды құтқармақ едім, шыны таудың қақпасын ашатын сиқырлы кілттен айырыл дым. Енді не істеймін?» деп мұңайып тұрғанда, ба сына бір ой келеді. Қыз қаншалықты ақылды әрі көркем болса, соншалықты батыл еді. Ол қалтасынан кішкене бәкісін алып, кішкентай саусағын кесіп жібереді де, қанын тамызып, қақпаны ашады. Есік ашы лып, қыз ішке енеді. Сол сәтте оның алдынан бір кішкентай ергежейлі шыға келіп:

– Сен не іздеп келдің? – деп сұрайды.
Қыз өзінің қарғаға айналған жеті ағасын іздеп жүргенін айтады. – Жеті қарға дейсің бе? Олар менің қожайындарым, – дейді ергежейлі, – Қазір ағаларың үйде емес. Күте тұр, сәлден соң келіп қалар.

Сосын ергежейлі қызды асүйге апара ды. Үстел дің үстінде ас құйылған жеті ыдыс тұр екен. Қыз әр ыдыстан дәм татып шығады.
Жеті қарға - Семь воронов - cказки Братьев Гримм
Сәлден соң даладан шу мен гуіл естіледі, ауаны тіліп ұшып келе жатқан қарға қанаттарының сыбдыры құлаққа келді. Ашығып әрі шөлдеп қалған қарғалар бірден дастарқанға жайғасады. Ыдыстарынан дәм татқан соң, олар:

– Менің асым нан кім ауыз тиген? – деп сұрайды. Қыз біреуінің ыдысының түбіне анасының жү зігін салып, өзі есіктің артына тығылып қалған еді. Қарғалардың бірі ыдысты қотара ішіп болған соң, ата-анасының жүзігін тауып алады.

– Қарындасым осында ма? – деп сұрайды ол.
– Қарындасымыз өте алыста ғой. Егер ол осында келсе, біз қайтадан адамға айналар едік, – дейді басқалары аһ ұрып. Сол сәтте қыз есіктің артынан шығып, қарғалардың алдына тұра қалады. Ағалары оны көрген бетте қарғыстың күші жойылады. Олар бұрынғы бала қалыптарына қайта енеді. Бір-бірі мен жылап көрісіп, қауышады. Қуаныштары қойындарына сыймай, қол ұстасып үйлеріне қайтады.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.