Загадки на казахском языке про человека и его части тела
Бір «әліп» мұнарадай көзім көрген, Екі «мәт», екі «сәкін» оған ерген. Болғанда «иа» ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген. /Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/ | Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар. /Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/ |
Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, Он екі бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдіреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған. /Алпыс екі тамыр, он екі мүше/ | Бір қария жерде де емес, көкте де емес, Болғанда түбі терең, аузы кемеш. Ішіне ит түссе де арам емес. /Көз/ |
Қос әйнек шыны да емес, темір де емес, Бұзылса оны адам түзер емес. Кезінде өзі ашылып, жабылады, Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес. /Көз/ | Әрі жүрер қараша ат, Бері жүрер қараша ат. Су бойында тұнық су, Таңдап ішер қараша ат. /Көз/ |
Жар қабақта екі бастау, Жапсар тастың астында Жасыл ала құс жатыр. /Көз/ | Кішкене ғана тостаған Жер дүниені бастаған. /Көз/ |
Ала арқаным жетпес жер жоқ. /Көз/ | Кішкентай бір мақұлық торы ала, Ағаштан атрапына соққан қала. Ішінде сол қаланың өмірі өтер, Сабыр қып сахараға шықпас жана, Жаралған өзі ғана артық болып, Болжайды әр нәрсені айтып шама. /Көз/ |
Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді. /Көз/ | Ағайынды екеу болыпты, Екеуі тату жүріпті. Ортасында тау болып, Бірін бірі көрмепті, Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты. /Көз бен мұрын/ |
Көрші отырған көршілер Бірін бірі көрмейді. Қара түнек қос үңгір Діңгегі асу бермейді. /Көз бен мұрын/ | Қара суда суат жоқ, Қалың талда бұтақ жоқ. /Көз бен кірпік/ |
Сырты қылшық, Іші былшық. /Кірпік пен көз/ | Ары жүгір қаратай, Бері жүгір қаратай. Тал түбіне барғанда, Тайып жығыл қаратай. /Көздің қарашығы/ |
Бір көлде екі түрлі сүт бар. /Көздің ағы мен қарасы/ | Таудан тас құлады. /Көз жасы/ |
Таудан тары домалайды, Оны он екі қаз қуалайды. /Көз жасы/ | Бір таудың екі күзетшісі, Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. /Көз, құлақ, тіс/ |
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр, Етектеп құмалағын төгіп жатыр. /Қас, көз, жас/ | Тұнық суға ши ұстадым. /Кірпік/ |
Екі жар бірін бірі шамалаған, Тал шығып, жағасына сабалаған. /Кірпік/ | Сәуле астында жүз кісі. /Кірпік/ |
Алпыс кісі аяқтасты, Ертеменен таяқтасты. /Кірпік/ | Күндіз шайқасады, Түнде айқасады. /Кірпік/ |
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас, Адамның ол нәрсесіз күні болмас. Жіберсе қарап қалар жердің бәрі, Кішкене болса-дағы кемдік қылмас. /Ауыз/ | Бір тобықта жеті жыртық. /Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз/ |
Беткейде бес есік. /Екі танау, екі көз, ауыз/ | Екі тақта арасында Қимылдайды қызыл тақта. /Тіл/ |
Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. /Тіс, тіл/ | Үнемі ауызда бұлтыңдайды, Бірақ жұтылмайды. /Тіл/ |
Қатар-қатар ақ күріш, Тұрған жері қақтығыс. /Тіс/ | Айдын көлде алтын тас, Ау салса да алынбас. /Тіс/ |
Тамға таяқ сүйедім, Отыз жерден сыр-сырлап. /Отыз екі тіс/ | Үсті тақтай, Асты тақтай, Ортасында әбзел тақтай. /Тіс,тіл/ |
Ти, ти десем, тимейді, Тиме десем тиеді. /Ерін/ | Үлкен ой, Үлкен ойдың ішінде Кіші ой, Кіші ойдың ішінде, Балуан би. /Ерін, тіс, тіл/ |
Үлкен үй, Үлкен үйдің ішінде Кішкене үй. Кішкене үйдің ішінде Досқана би. /Ерін, тіс, тіл/ | Туғаннан біргемін Бірақ санын білмеймін. /Шаш/ |
Асқар тауда қара орман. /Шаш/ | Томпағымның басында тоқсан қыз бар. /Шаш/ |
Адам және оның денесінің бөліктері туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар
Жас кезінде қара орман, Жыл өткен сайын ағарған. /Шаш/ | Басында Қаратаудың қап-қара шөп, Атаймыз тау демесек әлде не деп. Ағарып ақырында кете ме екен, Ол таудың әлде шөбі тұрғанда көп. /Шаш/ |
Білмеймін ерке ме екен, есер ме екен, Қалпынан артық бойлап өсер ме екен. Өсірме деп біреуге бұйырмасам, Таудағы тоғайымды кесер ме екен. /Шаш/ | Бір тауға әрі қайың, Әрі тал өседі. /Шаш, сақал/ |
Майтөбеде ол сусыз, Өскен қамыс буынсыз. /Шаш,бас/ | Кішкене ғана тегене, Сырты толған балауса. /Шаш, бас/ |
Беткейге қар жауды, Кетпеске айналды. /Шаштың ағаруы/ | Қараша тауым қарлы болды, Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды. /Шаштың ағаруы/ |
Бір төбеге қойыпты шынар жайып, Қолына қылыш алды бір ғажайып, Екі жақта шынардың қалқаны бар, Кетпесін қалқанына қылыш тайып. /Шаш,ұстара, екі құлақ/ | Алпыс қанат ақ орда, Алпыс атанға сыймайды. Алпыс атаным қысқа дейін десем, Тәңертең ұшқан құс, Кешке әрең қонады. /Шаш, тарақ/ |
Бір тауға әрі қайың, Әрі тал өседі. /Шаш, сақал/ | Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар, Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар. Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш, Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар. /Сақал,шаш/ |
Қарамасаң жайлауға, Қабан келер шайнауға. /Бас пен бит/ | Күмбір-күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. /Құлақ/ |
Екі кісі ерегісіп келеді. /Құлақ/ | Ғаудыр-ғаудыр шанашым, Қартайғанша көрмедім. /Құлақ/ |
Құла бетте қисық астау. /Құлақ/ | Тауда жарбайып тұр. /Құлақ/ |
Жар басында жарты кепе. /Құлақ/ | Жар басында жарты сыпыра. /Құлақ/ |
Қарағай басына қатық ұйыттым /Ми/ | Қиын-қиын қиялар, Қияға жұмыртқа ұялар. /Ми/ |
Бар екен бір жыланның отыз іні, Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні. Ғажайып бір мінезі тағы да бар, Шықпайды бір інінен күндіз-түні. /Жұлын/ | Екі достың бірі ыңғайлы, Біреуінен ебі жоқ. Екеуін де бірдей көрем, Маған артық-кемі жоқ. /Екі қол/ |
Бес сауысқан, Бес сауысқан басына тас жабысқан. /Бес саусақ, тырнақ/ | Бес көсеуім басы ақ күміс. /Саусақ/ |
Бес ат, Бесеуі де қасқа ат. /Бес саусақ/ | Бес адам бір есекке мінгесіп жүр, Мінгессе де талай жермен тілдесіп жүр. /Бес саусақ/ |
Бар екен бәйтеректе екі аша, Болмайды бар шақасы оннан аса. Біреуі біреуінен икемдірек, Құдайдың құдіретіне қыл тамаша. /Он саусақ/ | Он айда мен аламын он жаңа айды, Он жаңа айды алсам да ол таусылмайды. /Тырнақ/ |
Он кемпір мұз арқалап тұр. /Тырнақ/ | Ереймен жерейменнен озбайды екен, Асы алтын, қасығы күміс болып, Өмірі бітіп мүлде тозбайды екен. /Сөз/ |
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес, Қай жақтан келерін де адам білмес. Азаттыға сонымен дүниенің, Онсыз тірі ешкім де дәурен сүрмес. /Сөз/ | Еккенім бір танапқа жалғыз бидай, Аққурай қанасына кетті сыймай. Біреудің аманатын алсаң-дағы, Тұрасың береріңде көзің қимай. /Адамның жаны/ |
Балдан тәтті, Удан ащы, Тәрбиесіз, ата-анасыз. /Жан/ | Балдан тәтті, Мақтадан жұмсақ, Базарға апарып сатсаң, Бір тиындық бағасы да жоқ. /Ұйқы/ |
Базарда сатылмайды, Таразыда тартылмайды. Өзі балдан да тәтті, Өмірге бір шапағатты. /Ұйқы/ | Суға салсаң — батпайды, Отқа салсаң — жанбайды, Жерге көмсең — шірімейді. /Адамның аты/ |
Өлсең де-өлмейді, Өлмесең де-өлмейді. /Адамның аты/ | Жаралғанға жабысқан. /Адамның аты/ |
Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді, Күніне мың шақырым жерге барып келеді. /Көңіл/ | Бір нәрсе кейде сопы,кейде залым, Сиқырлар бір сағатта жанның бәрін. Бір уақыт патша болып отырады, Тар жерде әркімнің де ойлар қамын. /Көңіл/ |
Сары ат міндім, саз кештім, Сарқыты маған тимеді Қара мақпал тон піштім, Қиқымы маған тимеді. /Түс/ | Бір минутта дүнияны аралайды, Сонда да шаршамайды. /Ой/Бір адам көрдім, Жүрмей тұрған жабысып. Түсін танып тұрсаң да, Жауап айтпас танысып. /Адамның суреті/ |